Қазақстанда электронды сауда қызметкерлері табыс салығынан босатылды - Қазақстан экономикасы|11 Мамыр 2018, 22:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда электронды сауда қызметкерлері табыс салығынан босатылды

Бұл туралы Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы сауда жасап жүргендер табыс салығынан босатылған. Ол үшін сатушылар электронды алаңға өтіп, сауданы электрондық түрде рәсімдеуі қажет. Бұл дегеніміз, электронды сауда саласындағы салық төлеушілер қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркелуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандай, электронды саудамен айналысатын салық төлеуші ретінде тіркелу осы саладағы белгілі бір қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама негізінде жүзеге асырылады.

«Бұл хабарлама салық органына жеке қызмет басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, салық кодексінің 293-бабының 3-тармағына сәйкес электронды сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады. Еске сала кетсек, жаңа салық кодексі 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енген болатын.

Айта кетейік, елімізде электронды сауда соңғы уақытта қарқынды дамып келеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша онлайн-сауданың өсім деңгейі 25 пайызды құрап отыр. Ал, елімізге электронды сауда түсінігі 2005 жылдан бастап ене бастаған болатын. Осы уақыт аралығында онлайн-сауда жүйесін тұрғындар біртіндеп меңгеруде. Электронды сауда тікелей ақпараттық және жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, бұрыңғыдай дүкендерді аралауға уақыт кетпейді, жолға шығын да жұмсамайсыз, кез келген қажетті тауарыңызды үйіңізге әкеліп береді. Тағы бір қызығы, олар тауарларын нарықтағы бағадан арзанырақ ұсынады. Сонымен қатар, кез келген тауарыңызға тапсырыс беріп, оның бары-жоғын онлайн анықтауға болады. Бұл бағытта satu.kz‎, технодом, kaspi.kz сияқты ірі ойыншылардың қызметі күннен күнге жанданып, сұранысқа ие болып жатыр.

Назерке Еркінқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер