Қазақстанда 2018 жылы әлеуметтік төлемдер 16% өседі - Қазақстан экономикасы|27 Желтоқсан 2017, 10:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда 2018 жылы әлеуметтік төлемдер 16% өседі

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16%-ға дейін өсетін әлеуметтік төлемдер тізіміне асыраушысынан айырылған және еңбекке жарамсыз болып қалған отбасылар кіреді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған қаулыға сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен он алты пайызға арттыру жүргізіледі.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың алты түрі бар: еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдай; асыраушысынан айырылған жағдай; жұмысынан айырылған жағдай; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдай; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдай; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай.

Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік міндетті сақтандырудың көлемі ең аз жалақыдан 80%-ын алып тастау арқылы белгіленеді. Мысалы, бір айлық орташа және ең аз жалақы мөлшері 100 мың теңге болса, қазақстандық 20 мың теңге көлемінде міндетті әлеуметтік көмек алып отырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер