Қазақстан өткен жылды азық-түліктің қымбаттауымен аяқтады - Қазақстан экономикасы|03 Қаңтар 2018, 10:08
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан өткен жылды азық-түліктің қымбаттауымен аяқтады

Фото: Kerek-info.kz

2017 жылы желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,5% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың соңғы айында қант пен жарманың ғана бағасы арзандады. Мысалы, қант 19,5% арзандаса, жарманың бағасы 15,1% төмендеді.

Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, қалған азық-түліктердің бағалары біршама өскен.

Кондитерлік өнімдер — 10,7%, алкогольді ішімдіктер — 10,3%, сүт өнімдері — 9,3%, балық және теңіз өнімдері — 8,6%, жемістер мен көкөністер — 8,4%, тоқаш және ұн өнімдері — 7,4%, кофе, шай және какао — 6,2%, нан — 2,8%, макарон өнімдері — 2,1%, ұн —1,8% қымбаттады.

Сонымен қатар, жыл соңында ет және ет өнімдерінің бағасы да айтарлықтай өскені байқалады. Ет және ет өнімдері 11,4% қымбаттаса, оның ішінде сиыр еті — 15,3%, қой еті — 14,1%, жылқы еті — 9,8%, шошқа еті — 9,3%, шұжық өнімдері — 7,3%, құс еті — 5,8%-ға қымбаттады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер