Қазақстан келесі жылы жеті мың Ravon көлігін шығарады – Өтембаев - Қазақстан экономикасы|01 Қараша 2017, 13:21
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан келесі жылы жеті мың Ravon көлігін шығарады – Өтембаев

Фото: ozodlik.org

Қазақстан келесі жылы өзбектің Ravon маркалы автокөлігін өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Sputnik-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір «Узавтосаноат» компаниясы Қазақстандық серіктесі «Сарыарқа автопром» кәсіпорнымен бірігіп, мыңнан астам көлікті құрастырып та қойған.

«Автокөліктерге сұраныс жоғары. Сондықтан өнім санын ұлғайтып, жаңа үлгілерін де қосамыз. Келесі жылы жеті мың Ravon көлігін шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Өтембаев.

Бірақ ол қанша түрін шығаратындығын айтқан жоқ.

Өзбекстанда GM Uzbekistan кәсіпорны жеңіл автокөліктерді, негізінен, Әндіжан облысында шығарады. Бұдан басқа оның филиалы Хорезм және Ташкентте де бар. Жыл сайын кәсіпорын 250 мыңнан астам көлік құрастырады.

Қазіргі таңда GM Uzbekistan автокөліктің он маркасын: Nexia, Cobalt, Gentra и Malibu, Matiz и Spark, Captiva, Orlando, Damas, Labo өндіреді. Республика ішінде отандық өндірушінің жеңіл автокөліктері Chevrolet брендімен танымал. Ал GM Uzbekistan өнімі экпортқа Ravon сауда белгісімен шығады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер