Қазақстан-Ресей: Инновация саласындағы ынтымақтастық - Қазақстан экономикасы|24 Қаңтар 2016, 16:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан-Ресей: Инновация саласындағы ынтымақтастық

Астана. 24 қаңтар. Baq.kz - Қазақстан мен Ресей арасындағы инновация бойынша ынтымақтастық едәуір артып келеді.
 

Ғылыми аймақ атанған «Сколково» енді қазақстандық қанатқақты жобаларға қан жүгіртер үлкен орталыққа айналуы мүмкін. Телекоммуникация, ғарыш және ядролық технология, биомедицина сынды заман талабына сай 50 жобаның резиденттері қазірдің өзінде өнімдерін Қазақстан нарығына әкелуге дайын. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Сколково» инновация орталығы басшылығымен өткен кездесу барысында айтылды. Келісім кезінде білікті мамандар даярлау аясын кеңейту де сөз болды. Мәселен, соңғы екі жылда Қызылорда облысының 320 жас өрені Мәскеу мен Санкт-Петербургтың инженерлік-техникалық білім беретін ошақтарында білім алыпты.

Рауан Кенжеханұлы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары: - Мемлекет басшысы инновациялық дамуға қатысты халықаралық қаржы ұйымдарымен, түрлі орталықтармен әріптестік орнатуды тапсырған болатын. Біз бұл жерде инженер мамандарды даярлау бойынша тәжірибе алмастық. Айта кету керек, осы институттың білім беру машығын отандық оқу орындарында қолдансақ деген ниетіміз бар. Сонымен қатар магистрлік бағдарлама үшін студенттерімізді осында жіберуге әрекет жасаймыз.

Алексей Ситников, «Сколково» Ғылым және технология институтының вице-президенті: - «Сколково», «Сколтех» пен Қазақстанның ынтымықтастығы артып келеді. Қазір Назарбаев Университетімен тығыз қарым-қатынас орната бастадық. Бұл университеттің аз ғана мерзімде едәуір жетістіктерге қол жеткізгенін жақсы білеміз. Сол деңгейге жетсек деген ойдамыз. Себебі білім беру жүйесі бойынша мүддеміз ортақ, ұқсас тұстар да көп.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер