Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов Marubeni Corporation басшысымен кездесті - Қазақстан экономикасы|22 Қаңтар 2016, 08:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов Marubeni Corporation басшысымен кездесті

Астана. 22 қаңтар. Baq.kz - Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Marubeni Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Теруо Асадамен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.  

Әңгіме барысында энергетика, экономканың энергетикалық және көліктік салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту, баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әлеуеттің зор екенін атап өтіп, іскерлік қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделіліктерін жеткізді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер