Қазақстан озық технологиялы сервистерді сатып алатын болады – Ә.Исекешев - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 11:27
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан озық технологиялы сервистерді сатып алатын болады – Ә.Исекешев

Астана. 29 қазан. Baq.kz – Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Astana Invest» форумында баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев ел Үкіметі Қазақстанда жүзеге асырылып, озық технологиямен жарақтандырылып жүзеге асқан инновациялық жобалар аясындағы сервистерді сатып алатындығын айтты.

- Біздің ел шетелдік инвесторлармен терең әріптестік орната отырып, Қазақстанның қарышты дамуына мүдделі. Сондықтан да, біз осы мақсатқа қол жеткізу жолында жан-жақты еңбек етудеміз. Соның бірі – заманауи озық технология мен индустриялды-инновациялық жобалар арқылы Қазақстандағы сервистік қызметтерді кеңінен қолданысқа енгізгіміз келеді. Яғни, біздің елімізге келіп, заман ағымына сай қызметті шебер үйлестіріп, сервисті дамытуға атсалысатын әрбір инвесторды сенімді серіктес ретінде қабылдаймыз. Егер қажет деп танылса, біз олардың жетілдіріліп, толық іске асқан жобасын мемлекет мүддесі үшін сатып алатын боламыз. Ал, инвестор өз идеясының Қазақстанда жүзеге асу барысы мен оның болашағына еш алаңдамауы тиіс. Керісінше, бірлесе жұмыс істеуге әркез дайынбыз,- деді Әсет Өрентайұлы.

Айта кетейік, «Astana Invest» форумы аясында билы алғаш рет «Қазақстан – Әмірлік бизнес-форумы» ұйымдастырылды. Бұл қазақстандық бизнес қауымдастық пен араб инвесторлары арасындағы еркін диалог алаңы болды.

Сондай-ақ, форум шеңберінде «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік» және елордалық кәсіпкерлердің өзге де инвестициялық жобалары көрсетілген стендтар қойылған көрме алаңы ашылды.

Нұрлыбек Досыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер