Қазақстан мен Нидерланды үкіметтері басшылары Давоста екі жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады - Қазақстан экономикасы|22 Қаңтар 2016, 08:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан мен Нидерланды үкіметтері басшылары Давоста екі жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Астана. 22 қаңтар. Baq.kz - Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Келіссөздер барысында тараптар екі жақты әріптестікті дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен Нидерланды арасындағы инфрақұрылымдық, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары жөнінде пікір алмасты.

К.Мәсімов өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісім біздің елдеріміздің арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Үкіметтер басшылары екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту және өзара іс-қимыл салаларын кеңейтуге елеулі әлеуеттің бар екендігін айтып өтті. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер