Қазақстан Doing Business рейтингінде 12 сатыға жоғарылады - Қазақстан экономикасы|28 Қазан 2015, 09:02
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан Doing Business рейтингінде 12 сатыға жоғарылады

Астана. 28 қазан. Baq.kz – Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы бизнес жүргізуге қолайлы елдердің Doing Business-2016 рейтингін жаңартты. Аталған тізімде Қазақстан 12 сатыға жоғарылап, 41-ші орынға табан тіреп отыр. 

Ал, Doing Business рейтингінің көшін осымен оныншы жыл қатарынан Сингапур бастап келеді. Алғашқы ондыққа Жаңа Зеландия, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Норвегия және Финляндия кіреді.

Ал, посткеңестік елдер арасында ең жоғары көрсеткіш Эстонияда (16-шы орын). Одан кейін, Литва (20), Латвия (22), Грузия (24), Армения (35), Ресей (51), Молдова (52), Әзірбайжан (63), Қырғызстан (67), Украина (83), Өзбекстан (87) және Тәжікстан (132) елдері орналасқан.

Айта кетейік, Doing Business зерттеуі жыл сайын бизнес жүргізуге қолайлы елдердің тізімін жариялайды. Рейтинг 10 қағида бойынша әзірленеді, атап айтқанда, кәсіпкерлерді тіркеудің жеңілдігі, құрылыс жүргізуге және электр желісіне қосылуға рұқсат алу, несие алу, миноритарлы инвесторлардың құқығын қорғау және өзге де талаптар бар. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер