Қазақстан әлемге бизнеске қолайлы ел ретінде танылып келеді – Б.Сағынтаев - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 11:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан әлемге бизнеске қолайлы ел ретінде танылып келеді – Б.Сағынтаев

Астана. 29 қазан. Baq.kz – Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Astana Invest 2015» форумында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев аталған форумның халықаралық деңгейдегі маңызына тоқталды. Вице-премьер инвесторлар үшін Қазақстан әлем бойынша бизнеске қолайлы ел ретінде танылып келе жатқандығын да атап өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Астана төрінде кешеден бері өтіп жатқан алқалы жиынның маңыздылығы зор екендігі сөзсіз. Ал, мен бұл басқосуға әлемдік масштабта қарап, осы тұрғыда ойымды білдірейін. Қазақстан соңғы жылдары шетелдік инвесторларды тарту жолында ауқымды жобаларды мемлекеттік тұрғыда жүзеге асыруда. Атап айтқанда, күні кеше ғана Қазақстан Жаһандық бәсекелестік органның рейтингтік көрсеткішінде 189 мемлекеттің ішінен 41 орынға иелік етті. Мұның бәрі де біздегі жағдайлардың жақсарып келе жатқандығын білдіреді. Жалпы, Қазақстан әлем елдері бойынша бизнеске жасаған қолайлықтарымен беделін арттырып келеді, - деді Бақытжан Әбдірұлы.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Үкімет Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасын орындау мақсатында, ауыл шаруашылығы жерлерін инвесторларға 25 жылға дейін жалға беру мәселесін түпкілікті шешкен. Сонымен қатар, салықтық жеңілдіктермен заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ете отырып, 6 кодекс пен 19 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер