BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қаржы министрі мемлекет қаржысын игере алмай отырған органдарды атады

Фото: Qazaq radiosy

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бөлінген 47 млрд теңге игерілмей қалғанын мәлімдеді.

Алдымен ол Үкімет басшысының бюджет қаражатын тиімді игеру туралы ескертуі өз нәтижесін бергенін атап өтті.

«Бақытжан Әбдірұлы, 8 айдың қорытындысы бойынша өткізілген отырыстағы сіздің ескертулерініңіз өз нәтижесін берді. Бюджет қаражатын игеру көрсеткіші жақсарды», - деді Әлихан Смайылов.

Алайда министр соған қарамастан кейбір мемлекеттік органдар қазына қаржысын игере алмай жатқанын жеткізді.

«Сондай-ақ 6,5 млрд теңге үнемдеу сомасын есептемегенде 9 айдың қорытындысы бойынша 47 млрд теңге игерілмеді. Бұл 8 айдың көрсеткішінен 33 млрд теңгеге аз. Ең көп игерілмеу соммалары келесі әкімшіліктерде: мәдениет және спорт министрлігі, қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық экономика министрлігі және жоғарғы сот. Нақтыланған республикалық бюджеттің жобасында жыл басынан бері игерілмей келген бюджеттік бағдарламаларды біраз қаражаты оңтайландырылды», - деді ол.

Сөз соңында Смайылов аталған мемлекеттік органдарды бюджет қаражатын тезірек игеруге шақырды.

«Жылдың аяғына дейін 51 жұмыс күні қалды. Барлық әкімшілер бюджетке бөлінген қаражатты толық игеруге шақырамын», - деп түйіндеді сөзін қаржы министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер