Қарашада ең төменгі күнкөріс деңгейі 23 319 теңге болды - Қазақстан экономикасы|06 Желтоқсан 2017, 15:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қарашада ең төменгі күнкөріс деңгейі 23 319 теңге болды

2017 жылдың қарашасында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 319 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда 9,4%-ға төмендеді, 2016 жылғы қарашамен салыстырғанда - 10,2%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,7%, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17,2%, жемістер мен көкөністерді - 10,6%, сүт, нан және жарма өнімдерін - 8,2%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,3%-ды құрады», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, қазан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 25 738 теңгені құраған болатын.

теңге

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

23 319

18 793

29 434

22 555

27 719

22 011

21 834

Азық-түлік тауарлары

13 991

11 276

17 660

13 533

16 631

13 206

13 100

Азық-түлік емес тауарлар
мен ақылы қызметтер

9 328

7 517

11 774

9 022

11 088

8 805

8 734

2017 жылғы қарашада күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 319 теңгені құрады


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер