Қарағандыдағы кремний зауыты қайта түледі (ВИДЕО) - Қазақстан экономикасы|08 Желтоқсан 2015, 17:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыдағы кремний зауыты қайта түледі (ВИДЕО)

Астана. 8 желтоқсан. Baq.kz – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атап көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында жүзеге асырылған жобалар аясында Қарағанды облысындағы кремний зауыты қайта іске қосылды. Бұл Ұлт жоспарының нақты 74-75 қадамында көрсетілген бағыттар бойынша қолға алынған болатын.

Естеріңізде болса, 2010 жылы Қарағанды облысында металлургиялық кремнийді өндіру бойынша жаңа зауыт пайдалануға беріліп, ол үш жылдан кейін түрлі техникалық және қаржылық жағдайларға байланысты жұмысын тоқтатқан еді. Ал 2013 жылдың желтоқсан айында Президенті жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес отырысында «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на кремний өндірісін қалпына келтіру және іске қосу мәселесін пысықтау тапсырылды. Осыған байланысты өткен жылдың қаңтар айында «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, аталған жобаны іске асыру үшін «Тау-Кен Самұрық» АҚ-тың жанынан «Tau-Ken Temir» еншілес компаниясы құрылды.

Жаңа заңды мекенжайы бойынша кәсіпорынды қайта тіркеу, зауыттың штаттық құрылымын бекіту, кадрларды іріктеу және орналастыру, мүлікті кешенді қабылдап-тапсыру актісін әзірлеу жүргізілді. «OTTOWOLFF» және «SMS Siemag» компаниясының мамандары кейіннен есеп беретін, зауытқа техникалық аудиттің екінші кезеңін жүргізіп, оған сәйкес «Tau-KenTemir» ЖШС өндірістік қызметтері жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта №1 пеш металдың жоғары маркалы сортын өндіруде. 2014 жылы онда 1 834 тонна тауарлық кремний өндірілсе, 2015 жылы 6 000 тоннадан артық өнім өндірілді. Дайын өнім АҚШ, Еуропа елдері мен Ресейге экспортталады.  2015 жылғы 25 қыркүйекте №2 қалыпқа келтірілген пеште алғашқы металл шығарылды. Биылғы қыркүйек-қазан айларында онда шамамен 1000 тонна металлургиялық кремний өндірілді.

Бүгінгі таңда зауытта 380 адам жұмыс істейді. 2016 жылдың ортасына қарай кәсіпорынның жобалық қуатына (жылына 25 мың тонна) қол жеткізу жоспарлануда. Мемлекет басшысының «Институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» қарастырылған электр энергетикасына жаңа тарифті саясатты енгізу мәселесі тарифті төмендетуге және зауыттың экономикалық көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұған «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы №181 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қазандағы Жарлығы септігін тигізеді. Оған сәйкес, кремний өндіруші зауыт «Сарыарқа» АЭА аумағына кірді, ол АЭА мынадай жеңілдік режимде пайдалануға мүмкіндік береді: корпоративті табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы учаскелерін пайдалану ақысы, тауарлар, материалдар және жабдықтар импорты кезіндегі кеден бажы.

Кремний зауытын оңалту жөніндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы Қазақстанның кремний саласын одан әрі дамыту үшін, келешекте сәулелік кремний өндірісіне шығу үшін негіз қалады. Катар Республикасымен ынтымақтастық аясында қазіргі уақытта, сапалы сәулелі кремний өндірісін ұйымдастыру бойынша кремний өндірісін дамытудың перспективалық мәселелері қаралуда. Нақтырақ айтқанда, ынтымақтастықтың екі нұсқасы қарастырылуда: біріншісі – Қатар Республикасымен бірлескен кәсіпорын құру; екінші – шартты негізде кремний жеткізу болып табылады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер