Инвесторларға салықтың үш түрінен жеңілдіктер жасаймыз – Е. Қайыров - Қазақстан экономикасы|28 Қазан 2015, 17:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Инвесторларға салықтың үш түрінен жеңілдіктер жасаймыз – Е. Қайыров

Астана. 28 қазан. Baq.kz – Астанада өтіп жатқан Қазақстан – Әмірліктер бизнес-форумының алғашқы күнгі отырысында Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров Қазақстанға келген шетелдік инвесторларға салықтың үш түрінен жеңілдіктер жасалатындығын атап өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

- Біз Мемлекет басшысынң тапсырмасына орай, шетелдік инвесторларға салықтың үш түрінен жеңіздіктер жасаймыз. Олар мынадай негізде жүзеге асырылмақ: инвесторды корпоративтік табыс салығы мен жер салығынан 10 жылға дейін, ал мүлік салығынан 8 жылға дейін қысқартуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз еттік. Бұл дегеніміз, қойнауы шикізатқа бай біздің елімізде өндіру мен өңдеу ісіне қатысты алып кәсіпорын, зауыттарды салу үшін шетелдік инвесторлға тәп-тәуір жеңілдік болып табылады, - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниялары Қазақстанда мұнай өңдеу мен мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және құрылыс салаларында жұмыс істеуге бейілді көрінеді.

- Біз елімізге инвестиция мен қатар, инновация мен индустрияландыру саласында озық технологиялардың келіп, кеңінен қолданысқа енгенін қалаймыз. Сондықтан да осы мәселеге жіті көңіл бөліп, инвестициялық климатты жақсарту үстіндеміз, - деді ол.

Айта кетейік, соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы тауар айналымының көлемі 2 млрд АҚШ долларынан асып түскен.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер