«Халық маркасы» конкурсында 27 кәсіпорын жеңімпаз атанды - Қазақстан экономикасы|03 Қараша 2015, 15:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Халық маркасы» конкурсында 27 кәсіпорын жеңімпаз атанды

 Астана. 3 қараша. Baq.kz – "Халық маркасы" конкурсында 27 кәсіпорын жеңімпаз атанды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде "Халық маркасы" жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева мәлім етті.

"Осы жылдың басында Мемлекет басшысының бастамасымен Республика бойынша "Қазақстанда жасалған" акциясы бастау алды. Акцияны қолдау мақсатында мамыр айынан бастап қазан айына дейін азық-түлік өндірушілер арасында "Халық маркасы" конкурсы ресми түрде өтіп, ең үздік кәсіпорын анықталды. Қазіргі таңда осы конкурс азық-түлік инновация, шығармашылық және салт-дәстүрмен таныстырып отырған "Экспо Милан 2015" xалықаралық көрмесінің тақырыбымен ұштастырып отырылған отандық жалғыз жоба. Конкурсқа 70-тен астам отандық өндіруші, 100-ден астам марка өтініштерін беріп қатысты. Қазіргі таңда 27 кәсіпорын "Халық маркасы" деген атаққа лайық деп танылып отыр", - деді жоба жетекшісі.

Оның айтуынша, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Алматы қалалары азық-түлік өндірушілердің арасындағы ең үздік деп танылған аймақтар қатарында көш бастап тұр.

"Мұндай іс-шара мемлекетімізге тек үлкен абырой алып келері анық. Конкурсқа қатысу арқылы, өңірлік компаниялар өз өнімдерінің сапасын бәсекеге сай екенін дәлелдеп, тұтынушылар арасында үлкен сенімге ие болуға мүмкіндік береді. Ал, тұтынушылар өз таңдауында сенімділікке жетері сөзсіз. Бүгінде 27 кәсіпорын арасында ең үздік деп танылған үш компанияны ерекше атап өткім келеді. Олар "Ақкөлқұс" құс фабрикасы, "Раxат" кондитер фабрикасы мен "Сұлтан макарон" өндіріс кешені ең үздік деп танылды. Жеңімпаздарды бір миллионнан астам тұтынушылар сүйікті өніміне дауыс беру арқылы анықтады", - деп атап өтті Р.Тәжібаева.

Айта кетейік, "Халық маркасы" байқауының жеңімпаздары ағымдағы жылдың 9 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткен Миландағы ЭКСПО көрмесінде орналасқан Қазақстан павильонында өз өнімдерін көрсетуге мүмкіндік алған болатын. Жеңімпаздар енді "Халық маркасы" белгісін өз тауар орауында жарнама ретінде екі жылға дейін қолдануға мүмкіншілік алады.


Дана САҒЫНБЕК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер