«General Electric» қазақ-американ қатынасының жарқын көрінісі – Д. Керри - Қазақстан экономикасы|03 Қараша 2015, 10:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«General Electric» қазақ-американ қатынасының жарқын көрінісі – Д. Керри

Астана. 3 қараша. Baq.kz – Назарбаев университетінің студенттерін дәріс оқыған АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстандағы ресми сапары аясында локомотив құрастыру зауытының жұмысымен жақыннан танысқандығын айтты. Бас-аяғы 4-5 жылда іске қосылған америкалық «General Electric» корпорациясының қазіргі әріптестігі қазақ-американ қатынасының жарқын көрінісі болып табылатындығын тілге тиек етті.

- Естеріңізде болса, Америкалық алып концерннің Қазақстан астанасында бірлескен кәсіпорын құрылысы 2006 жылдары басталған болатын. Кейіннен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлескен зауыт өз өнімдерін шығара бастады. Яғни, бүгінгі таңда заманауи технологиялармен жетілдірілген локомотив двигательдері Қазақстанның ғана емес, Орта Азиядағы бірқатар елдердің қажеттіліктерін өтеуде. Жалпы, «General Electric» пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлескен жобасын қазақ-американ қатынасының жарқын көрінісі ретінде бағалауға тұрарлық, - деді Джон Керри.

Астана қаласындағы арнайы индустриялды аймқта орын тепкен кәсіпорында қазіргі кезде локомотив құрастырып қана қоймайды. Мүмкіндігінше парникті газдарды аз шығаруға бейімделген двигательдер шығарумен қатар, локомотив двигательдерін толық қайта жаңғыртудан өткізеді. Соның нәтижесінде, қалыпты жағдайдағы шығындар арқылы тарту қуаттылығы еселенген локомотивтерге Қазақстанға көрші мемлекеттерден де зор сұраныс артып келеді.

2009-2015 жылдар аралығында бұл зауыт конвейерінен отандық 294 локомотив құрастырылған болса, оның 17 сыртқы нарыққа шығарылған. Яғни, Украина мен Түркменстан, Тәжікстан, Қырғыз және Әзірбайжан сынды елдерге саудаланған.

Айта кетейік, «ҚТЖ» мен «Ganaral Electric» бірлескен кәсіпорнының құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Үш жылдан кейін алғашқы өнімін шығарған бұл кәсіпорын 27,2 гектар аумаққа орналасқан. Бүгінде 600-ден астам адам еңбек ететін бұл зауыттың жылдық қуаты 100 локомотив шығаруға лайықталған.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

ФОТО: tengrinews.kz
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер