Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті - Қазақстан экономикасы|03 Қараша 2017, 17:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Қазақстанда 2017 жылғы қазанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 25 738 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 2,4%, 2016 жылғы қазанмен салыстырғанда - 9,7%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,6%, жемістер мен көкөністер - 15,8%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 14,9%, нан және жарма өнімдері - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,2%-ды құрады», - деп жазылған хабарламада.

Ең төменгі күнкөріс деңгейімөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер