Елімізде АИ-92 бензині бойынша жағдай тұрақталды – Қуаныш Құдайбергенов - Қазақстан экономикасы|13 Қараша 2017, 19:53
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде АИ-92 бензині бойынша жағдай тұрақталды – Қуаныш Құдайбергенов

Павлодар мұнай-химия өндіру зауыты толық қуатта бензин өндіре бастады. Бұл туралы Энергетика министрлігінде өткен брифингте Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда елімізде АИ-92 бензинінің қоры 182 мың тоннаны құрайды. Өткен аптамен салыстырғанда 6 мың тоннаға өсім бар. Жалпы елімізде АИ-92 бензині бойынша жағдай тұрақталғанын көріп отырмыз. Бұл ең алдымен Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуымен байланысты. Дер кезінде жасалған импорт та өз әсерін беріп отыр. Қазан айында 100 мың тонна АИ-92 бензин сырттан импортталды. Сондай-ақ сырттан бензин импорттау тоқтамайды. Осыны негізге ала отырып, бензин жеткілікті екенін айтуға болады», - деді департамент директоры.

Сонымен қатар Қуаныш Құдайбергенов АИ-95 бензиніне қатысты ахуалды баяндады.

«Қазан айында АИ-95 бензинін өндіру төмендетілді. Қараша айында АИ-92 бензиніне қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын есепке алсақ, мұнай өңдеу зауыттарында АИ-95 бензинін өндіру көлемі өседі. 20 мың тонна АИ-95 бензинін өндіруді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Осы орайда Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Павлодар мұнай-химия өндіру зауыты толық іске қосылғанын атап өтті.

«26 қазанда Павлодар МХӨЗ-ді жөндеу аяқталды. 1 қарашадан бастап, зауытта бензин өндіре бастады. Кеше католеикалық крекинг іске қосылды. Бұл Павлодар МХӨЗ-де тәулігіне 4200 тонна бензин өндіріле бастайды деген сөз. Демек, Павлодар МХӨЗ-і жоспар бойынша толық қуатта бензин өндіре бастады», - деді Қуаныш Құдайбергенов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер