Елімізде жекешелендіру аясында 213 нысан сатылды - Қазақстан экономикасы|28 Қазан 2015, 20:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде жекешелендіру аясында 213 нысан сатылды

Астана. 28 қазан. Baq.kz - Елімізде жекешелендіру аясында іс жүзінде саудаға 389 объекті шығарылып, 213 нысан сатылды, деп хабарлайды AlmatyNews АА-нің тілшісі. 

Соның 10-ы республикалық меншіктегі ғимарат болып табылады. Сондай-ақ коммуналдық меншік санатындағы 96 нысан жекенің қолына өтті. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан 59, ал холдингтер бойынша 47 ғимарат сатылды. Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, республикалық бюджетке 3 миллиард 328 млн теңге түсті. Айта кетейік, жалпы 2014 - 2015 жылдарға арналған кестеге сәйкес, сатуға 490 нысан жоспарланған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер