Елiмiзде қарыз алушының есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу сомасына шектеу қойылды - Қазақстан экономикасы|05 Қараша 2015, 12:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елiмiзде қарыз алушының есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу сомасына шектеу қойылды

Астана. 5 қараша. Baq.kz – Бүгiн ҚР Парламентi Сенаты жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші және екiншi оқылымда қарастырып қабылдады. Аталған құжат Қазақстанда қарыз алушы жеке тұлғаның есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу қолда бар немесе келiп түсетiн ақша сомасының 50%-нан артық болмауын қарастырады. 

«Заң жобасында Қазақстан Республикасының 8 Кодексiне және 35 Заңына өзгерiмтер енгiзу көзделедi. Мыналар заң жобасының негiзгi бағыттары болып табылады: бiрiншiден, борыштық жүктеменi төмендету және банктiң көрсетiлетiн қызметтерiнiң айқындылығын арттыру арқылы қарыз алушы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту; екiншi, қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету; үшiншiден, капитал нарықтарын және исламдық қаржыландыруды дамыту. Борыштық жүктеменi төмендету арқылы қарыз алушы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту шеңберiнде заң жобасында мынадай жаңалықтар бар: валютамен кiрiсi жоқ жеке тұлғаға шетел валютасында ипотекалық қарыздар беруге тыйым салу, төлемдердiң мерзiмi ұзақ бойы өтiп кеткен кезде бiрiншi кезекте мерзiмi өткен негiзгi борышты және соңғы кезекте тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдарды өтеу. Бұл ретте қарыздың қалған бөлiгiн тиiстi сыйақысымен мерзiмiнен бұрын қайтару, сондай-ақ, кепiлге алынған мүлiктi өндiру жолымен қарыз алушыға қатысты шаралар қабылдау жөнiде кредиторды құқығы сақталады. Ипотекалық тұрғын үй қырызы шарты бойынша мерзiмiн өткiзiп алудың 180 күнi өткеннен кейiн есептелген сыйақы мен тұрақсыздық айыбын мiндеттi автоматты түрде есептен шығару ұсынылып отыр. Қарыз алушы жеке тұлғаның есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу қолда бар немесе келiп түсетiн ақша сомасының 50%-нан артық болмауын қарастырады», - дедi ҚР Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.

Қ.Қожахметов заң жобасындағы банктiң көрсетiлетiн қызметтерiнiң ашықтығын арттыру бөлiгiнде банктердiң тiркелген мөлшерлеме бойынша қандай да бiр қосымша комиссияларсыз және төлемдерсiз бөлшек кредиттер беру жөнiндегi мiндеттiлiгi енгiзiлетiнiн айтты. Сонымен атап, әрекеттерi мен әрекетiмiздiгi қаржы ұйымының банкротқа ұшырауына немесе төлем қабiлетсiздiгiне алып келген азаматтарға қаржы ұйымында басшы лауазымын атқаруға тыйым салу да көзделiп отыр.

Ақмарал Шағатаева


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер