Елімізде 770 жаңа кәсіпорын ашылып, 75 мың жұмыс орны құрылды - Қазақстан экономикасы|27 Қазан 2015, 18:02
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде 770 жаңа кәсіпорын ашылып, 75 мың жұмыс орны құрылды

Астана. 27 қазан. Baq.kz – Қазақстан-Жапония бизнес форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жапон инвесторларына Қазақстан экономикасының қалай қарқынды дамып жатқандығын атап өтті.  

"Бүгінде еліміз 30 дамыған елдің қатарынан көріну үшін барлық жағдай жасалуда. Оның сәтті орындалуының кепілі - кәсіпкерлік пен елдің индустрияландырылуы болып табылады. Жуырда ғана Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 148 елдің ішінде 42 орынға ие болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Ендігі мақсат - дамыған 30 елдің қатыранан көріну. Бүгінгі таңда осы мақсатқа жету үшін еліміде 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша "100 нақты қадам" Ұлт жоспары жасалды. Осы бағдарлама бүгінде қарқынды жүзеге асып жатыр деп қуанышпен айта аламын. Себебі, бүгінде елімізде 770 жаңа кәсіпорын ашылып, 75 мың жұмыс орны құрылды" деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтуде. Форум аясында сондай-ақ, Қазақстан-Жапония инвестициялық жобаларының көрмесі өтеді. Форумның қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады. Оған, қоса, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық машина жасау, автомобиль терминалын құру меморандумдарына қол қойылу күтілуде.

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер