Еліміз бойынша 588 млрд теңгенің мүлкі жарияланды - Қазақстан экономикасы|28 Қаңтар 2016, 19:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Еліміз бойынша 588 млрд теңгенің мүлкі жарияланды

Астана. 28 қаңтар. Baq.kz – Ағымдағы күнге жария етілген мүліктің ел аумағында орналасқан мүліктер бойынша 452 млрд. теңге; шет елдерде орналасқан мүліктер бойынша 1,0 млрд. теңге, ақшалай 135 млрд. теңге, барлығы 588 млрд. теңге. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасыөз қызметі хабарлайды.

Өткен жылдың желтоқсанынан бастап жария ету рәсімін оңайлататын заңнаманың және жария ету субъектлеріне кұкықты қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қосымша кепілдік берілетін жаңа заңнамалық ережелер күшіне енді.
Жария ету субъектлеріне, банк шоттарына ақшаны салумен, сондай-ақ оларды салмай-ақ ақшаны жария ету тәсілін таңдауға мүмкіндік берілген.
Енді Қазақстанның аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заңдастыруды жүзеге асыру үшін жария ету декларацияны тұратын жері бойынша тапсыру жеткілікті.
Жергілікті жерлердегі әкімдік жанынан құрылған комиссияға азаматтар тек ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты ғана жүгінсе болады.
Заңдастыру шараларының аяқталуы жалпыға бірдей декларациялау процесімен ұштастыру үшін рақымшылық мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Мемлекет басшысы айтқандай аталған акция аяқталғаннан кейін бүкіл әлемдегі шетел шоттары бойынша барлық ақпарат қайта тексерілетін болады.
Мүлікті жария етумен байланысты кез келген мәліметтер құпия болып табыладыда үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды. Жария етумен байланысты кез келген ақпаратты жариялағаны үшін, заң бойынша қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Жария ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға тыйым салынады, жария етілген мүлік тәркіленбейді.

ФОТО: dalanews.kz
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер