Электронды сатып алу - ел экономикасының негізгі тірегі - Н. Алдабергенов - Қазақстан экономикасы|21 Қараша 2014, 15:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Электронды сатып алу - ел экономикасының негізгі тірегі - Н. Алдабергенов

Астана. 21 қараша. Baq.kz - Бүгін Астанада «Электронды сатып алу саудасының әділдігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ету: еуразиялық интеграция тәжірибесі мен дамуы» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда баяндама жасаған Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа Мүшесі Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді.
 

Біз соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік сатып алулар саласында ұлттық заңнамамызды жүйелі түрде реттедік. Енді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру заңнамалары мен тәжірибелеріне талдау жүргізетін боламыз. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласында ұлттық режим қалыптастырдық. Ендігі жерде ЕЭО мүше-мемлекеттер арасындағы мемлекеттік сатып алу ісінің үлесін 2015 жылға қарай 60 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі, қызметтің бұл түрін жандандыру заман талабы. Өйткені, ол - ашық, қолжетімді, сапалы, сыбайластықтан ада және ең бастысы жедел әрі шапшаң, - деді Нұрлан Шәбдібекұлы.
Баяндамашының сөзіне қарағанда, тараптардың КО аясында алыс-беріс жасағанына дейінгі көрсеткіштер мен одан кейінгі сандардың айырмасы жер мен көктей көрінеді.
- Мысалы, КО күшіне енгенге дейін үш елдің арасындағы тауар айналымының жиынтық көрсеткіші 47 млрд АҚШ долларына дейін жуықтаған. Ал қол қойылғанан кейінгі сауда айналымының көрсеткіші 2012 жылы 33,9 пайызға жоғарылап, ал 2013 жылы 43 пайызды құраған. Осы экономикалық тауарайналымының басым бөлігі негізінен мемлекеттік сатып алу қызметіне тиесілі. Ал енді бұл саланың басты тірегі - электронды сатып алу қызметі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да біз осы үш ел арасындағы электронды сатып алу ісін жандандыруға көңіл бөлетін боламыз, - дейді ол.
Айта кетейік, бүгінгі таңда КО мүше-мемлекеттер арасындағы жалпы тауарайналымының көрсеткішінде мемлекеттік сатып алу қызметіне тиесілі үлес салмақ 42 пайызды құрайды екен.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер