Елдегі реформалар арқылы «Doing Business» рейтінгісінде Қазақстанның көрсеткіші жақсарды – Ғ. Жолдыбаева - Қазақстан экономикасы|28 Қазан 2015, 11:41
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елдегі реформалар арқылы «Doing Business» рейтінгісінде Қазақстанның көрсеткіші жақсарды – Ғ. Жолдыбаева

Астана. 28 қазан. Baq.kz – Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы биылғы жылдың қорытындысы бойынша әзірлеген "Doing Business 2016" рейтингісінде Қазақстан 41 орынға көтерілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева айтты.

«Негізінде Дүниежүзілік банк жыл сайынғы бизнесті жүзеге асыру шараларын жүргізіп келеді. Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес Қазақстан 2015 жылы "Doing Business 2016" рейтингісінде 189 ел арасынан 41 орынды алып отыр. Бұл еліміздің тарихында ең елеулі оқиға, ең жоғары көрсеткіш. Былтыр 77 орында болсақ, биыл сол көрсеткіштен 36 сатыға көтерілдік. Биылға жасалған көптеген реформаларға, жұмыстарға байланысты біз осы нәтижеге жеттік. Бұл ретте Үкімет қолданыстағы заңнамаға реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнесті құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау, қадағалау қызметін оңтайландыру, еліміздегі жүргізіліп отырған бизнес ахуалын жақсарту мақсатында заңға өзгертулер енгізілуіне байланысты осындай нәтижеге ие болып отырмыз . Дүниежүзілік рейтингке қатысты біз 50 дамыған елдердің қатарына кірдік деп есептеуге болады», - деді ол.

Оның айтуынша, Венгрия – 42, Чили- 48, Түркия -55, Люксембург- 61 орында тұр. Ал Кеден одағындағы елдерге келсек, Беларуссия – 44, Ресей -51, Әзербайжан- 63, Қырғызстан – 67 орында.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер