Елбасы еліміздегі баламалы энергия көздерінің болашағы туралы айтып берді - Қазақстан экономикасы|22 Маусым 2017, 14:02
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елбасы еліміздегі баламалы энергия көздерінің болашағы туралы айтып берді

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақ елінің баламалы энергия көздерін дамытуда әлеуеті жоғары. Осы мақсатқа жету үшін еліміз тиісті заң жобаларын қабылдаған. 2020 жылға дейін Қазақстанда баламалы энергия көздерінің 50-ден астам объектісі пайдалануға берілмек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы пленарлы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Еліміз ТМД елдерінде бірінші болып, «жасыл» экономикаға көшудің институциональды жағдайын жасады. 2017 жылы экологиялық кодекс, 2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң, ал 2013 жылы «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы қабылданды. Қазақстан үшін энергия өндірудің аралас жүйесі тән. Ол қуатты дәстүрлі энергия көздерімен қатар мүмкіндігінше баламалы энергия көздерін дамытуды жобалайды. Еліміздің баламалы энергия көздерін дамытуда әлеуеті жоғары», - деді ол.

Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздегі баламалы энергия көздерінің әлеуетіне жеке-жеке тоқталды.

«Жел энергетикасы жылына 920 млрд киловатт /сағат, гидро әлеует жылына 62 млрд киловатт /сағат, ал күн энергиясы жылына 2,5 млрд/сағатқа бағаланады. Сондықтан аталмыш бекітілген бағдарлама бойынша алға жылжып келеміз», - деді Президент.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш мақсатқа жету үшін мемлекет тарапынан тиісті шаралар қолға алынғанын алға тартты.

«Біз мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын жасадық. Алға мақсат қойдық. Бекітілген бағдарлама бойынша белсенді түрде алға жылжып келеміз. 2020 жылдың аяғына дейін толық қуаты 2 мың мегаватт болатын баламалы энергия көздерінің 50-ден астам объектісін пайдалануға беру жоспарлануда. Ал 2050 жылы альтернативті энергияның мемлекеттің энергия теңгеріміндегі үлесі 50%-ға дейін көтерілуі қажет», - деп түйіндеді ойын Қазақстан Президенті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер