«ЭКСПО-2017» көрмесінде «Қазақстанда жасалған» павильонын ашу ұсынылды - Қазақстан экономикасы|03 Қараша 2015, 16:39
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«ЭКСПО-2017» көрмесінде «Қазақстанда жасалған» павильонын ашу ұсынылды

Астана. 3 қараша. Baq.kz – 2017 жылы Елордада өтетін халықаралық көрме кезінде ЭКСПО-қалашықта отандық тауарларға негізделген «Қазақстанда жасалған» павильоны ашылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингінде «Халық маркасы» жобаның жетекшісі Римма Тәжібаева мәлім етті.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы «Халық маркасы» жеңімпаздары үздік бренд екенін ескере отырып, оларды міндетті түрде назарға алады деген ойдамыз. Біз ұлттық компанияға ЭКСПО көрмесінде «Қазақстанда жасалған» павильонын ашуды ұсындық. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Егер 2017 жылы ЭКСПО көрмесінде осындай павильон жабдықталса, келушілердің қатары көп болары сөзсіз. Ал, жуырда Миланда өткен халықаралық көрмеде біздің өнімге сұраныс артып, қызығушылық білдірген адамдар саны көп болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік деп қуанышпен айта аламын», деді жоба жетекші.

Айта кетейік, «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдауға бағытталған «Халық маркасы» жалпыхалықтық байқауы мамыр-қазан аралығында өтті. Белгілі болғандай, байқауға 70-тен астам отандық өндіруші, 100-ден астам марка байқауға қатысуға өтініш берді. Жеңімпаздар бірқатар аталым бойынша анықталады. Олардың ішінде «Газдалған сусын», «Шай», «Кондитерлік тағамдар», «Ұн», «Сүт өнімдері» сынды бөлімдер бар. Бүгінде 27 кәсіпорын «Халық маркасы» жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар енді "Халық маркасы" белгісін өз тауар орауында жарнама ретінде екі жылға дейін қолдануға мүмкіншілік алады.


Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер