Д.Назарбаева: Мемлекет меншігінен шығару дегеніміз, жекешелендіру емес - Қазақстан экономикасы|28 Қаңтар 2016, 13:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Д.Назарбаева: Мемлекет меншігінен шығару дегеніміз, жекешелендіру емес

Астана. 28 қаңтар. Baq.kz – Кейбір мәдениет нысаны мемлекет меншігінен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен кеңейтiлген алқа отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлімдеді.

«Қазіргі таңда кейбір мәдениет нысанын мемлекет меншігінен шығару мәселесі көтерілуде. Мемлекет меншігінен шығару дегеніміз, жекешелендіру емес. Бұл ұғым қазіргі жағдайда басқару жұмысын сенімді басқарушыға тапсыру дегенді білдіреді. Қандай да бір нысан үшін жауапкершілікті мойнына алатын, нысанға қаржы инвестициялайтын әрі пайдалану мақсатын өзгертпейтін жекеменшік инвестор табылса, кейбір нысандарды аукционға да қоюға болар. Нысан жылжымайтын мүлік сияқты ғана тартымды болмауы керек. Себебі, әдетте мәдениет нысандары елді мекендердің орталықтарында, жақсы аудандарында орналасады. Бұл міндетті талап. Сондықтан, Мәдениет және спорт министрлігі бұл мәселе бойынша жұмыс жасап, жоспар әзірлеуі керек», - деді Д.Назарбаева.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен мәдениет және спорт саласының басшыларының қатысуымен кеңейтiлген алқа отырысы өтті. Отырыста өткен жылғы жұмыс қорытындыланып, 2016 жылға жоспар құрылды.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ,

ФОТО: uralskweek.kz
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер