Чехиямен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды - Қазақстан экономикасы|05 Қараша 2015, 16:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Чехиямен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды

Астана. 5 қараша. Baq.kz – Чехиямен асыл тұқымды мал шаруашылығы мен тұқым өсіру шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды. Бұл туралы Чехия-Қазақстан кәсіпкерлік форумында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді.

«Чехияның ауыл шаруашылығы министрі Мариан Юречканың елімізде жүргеніне бірнеше күн болды. Кеше Алматыда бизнес форум өтті. Оған чехиялық тараппен ынтымақтастық орнатқысы келген және осы ел туралы ақпарат алғысы келген көптеген азаматтар жиналды. Және чехиялық әріптестеріміздің айтуынша, бизнес форум екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жол ашты. Ал аталмыш форум Чехия президентінің Қазақстанға және біздің мемлекет басшымыздың Чехияға сапарында басталған жұмыстың жалғасы. Сондай-ақ, атап өтетін жайт, бүгін Люксембургте Чехия сыртқы істер министрінің Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков мырзамен кездесуі өтіп жатыр. Астана төрінде өтіп жатқан форумға келсек, ол екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бастамасы болады деген сенімдеміз. Тұқым өсіру шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы қос елдің талқылаған негізгі тақырыбы. Сондай-ақ, бүгін Чехияның сыртқы істер министрі «Қазагро» холдингі басқарушысымен кездесті. «Қазагро» еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыратын және көрсететін негізгі оператор саналады. Чехиядан, банк, сақтандыру саласының өкілдері де келіп отыр. Сондықтан, біз осы бизнес миссияның сәтті жүзеге асатынына үміттіміз», - деді Ермек Көшербаев.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер