«БЖЗҚ»-ның жыл басынан бергі өсімі 1,3 трлн теңгені құрады - Қазақстан экономикасы|30 Қараша 2018, 16:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«БЖЗҚ»-ның жыл басынан бергі өсімі 1,3 трлн теңгені құрады

Алматы, BAQ.KZ. 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,5 трлн теңгеге артты. Бұл жайында «БЖЗҚ» АҚ-ы мәлім етті.

Бір жыл ішіндегі өсім – 19 пайыз болған. Ал 2018 жылдың басынан бері өсім – 1,3 трлн теңгені немесе 16 пайызды құраған. Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасып, олардың сомасы 8,9 трлн теңгеге жеткен.

«2018 жылдың 1 қарашасына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,3 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар 9,8 млн бірлік, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 472,5 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 46 мың бірлік болды», - делінген хабарламада.

2018 жылдың 10 айы ішінде Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 715,6 млрд теңгеге жеткен. Салыстырып қарасақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде таза инвестициялық табыс сомасы 457,7 млрд теңгені құрап, бір жыл ішіндегі өсім – 56 пайызды құраған.

«2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 қазаны аралығында зейнетақы активтерінің табыстылығы 8,9 пайыз болды. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 3,7 пайызды құрады. Яғни, осы кезеңдегі зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық – 5,2 пайыз. Жылдық тұрғыдан алып қарағанда Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 қарашасы мен 2018 жылдың 1 қарашасы аралығында 10,2 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша, табыстылық екі кезеңде де инфляция деңгейінен жоғары», -делінген хабарламада.

Бүгінде Қор қызметтерін қашықтықтан алуға мүмкіндік беретін сервистер салымшылар мен алушылар арасында барған сайын танымал болуда. Қазіргі кезде электрондық форматта көрсетілетін операциялардың үлес салмағы 65 пайызға жетіп отыр екен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер