Бюджет ашықтығы бойынша қай облыс алда екені анықталды - Қазақстан экономикасы|01 Қараша 2018, 15:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бюджет ашықтығы бойынша қай облыс алда екені анықталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Zertteu Research Institute» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Қуаныш Оңалбаев 2017 жылы жүргізілген жергілікті бюджеттердің ашықтығы туралы зерттеудің нәтижесімен бөлісті. Бұл туралы ол Астанада өткен «Мемлекеттің ашықтығы мен есептілігі – жемқорлыққа қарсы қазіргі саясаттың негізі» атты сұхбат алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, екі жыл сайын «Сорос Қазақстан» қорының қаржыландыруымен Қазақстанның ұлттық бюджет желісі жергілікті бюджеттердің ашықтығына бағалау жүргізеді.

«Зерттеу жұмысы халықаралық стандарттарға негізделген. Open Budget Index бойынша Қазақстанда 53 ұпай бар. Кестеге қарасаңыз 2008 жылдан бастап елімізде айтарлықтай ілгерілеушілік барын көруге болады. Яғни, осыдан он жыл бұрын 35 ұпай болған көрсеткішімізді 53 ұпайға дейін жеткіздік. Орталық Азия және посткеңестің елдермен салыстырғанда Грузия мен Ресей бюджеттің ашықтығы тұрғысынан жоғары көрсеткішке ие. Біз зерттеуімізде осы индекстің әдістемесіне сүйеніп, жергілікті бюджеттің ашықтығына талдау жасадық. Әрбір өңірде 60 сұрақтан тұратын анкетаны толтыратын сарапшы бар. Сонымен бірге, бұл сарапшы бюджеттік процестің барлық төрт сатысы – жоспарлау, бекіту, орындау және есеп бойынша ақпараттың ашықтығын тексереді», - деді Қуаныш Оңалбаев

2017 жылғы бюджеттің ашықтығы көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстары көшбасшы атанды. Шығыс Қазақстанда бюджеттік ақпараттың ашықтығы жоғарғы көрсеткішке ие болса, 100 ұпайдың 18-ін иеленген Алматы облысы ең төменгі нәтижені көрсетті.

«Ең жабық саты – бюджеттің жоспарлау сатысы. Демек, тек Шығыс Қазақстан облысы ғана бюджет жобасын мәслихатқа шығармастан бұрын жария еткен. Динамиканы салыстырар болсақ, 2015 жылдан қарағанда Алматы облысы өз көрсеткішін 26 ұпайға төмендеткен. Ал Павлодар облысы 22 ұпайлық өсімді көрсеткен. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, біз өңір әкімдеріне бюджет жобасын жария етуді және талқылау жүргізуді кеңес етер едік. Бұл талдау жұмыстары сайттарды зерттеу арқылы жүргізілді. Егер осы зерттеудің жұмысымен келіспейтін кез келген адам сайтқа өтіп, тиісті ақпаратын көрсетуіне болады. Біз түзейтін жерде түзейміз», - деп сөзін түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер