Биыл жастар саясатына қанша қаржы бөлінгені белгілі болды - Қазақстан экономикасы|29 Қараша 2017, 19:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Биыл жастар саясатына қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасында еліміздегі жастардың әлеуметтік мәселелерін талқылады. Зерттеулер нәтижесінде еліміздегі жастар саясатына бөлінген қаржы көлемі де белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру бойынша 127,5 млн теңге қарастырылған. Оның 30,6 млн теңгесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша болса, қалған 96,6 млн теңгесі ҮЕҰ үшін гранттық қаржыландыру бойынша бөлінген.

Дегенмен жиынға қатысушы жастар орталығының өкілдері бұл санмен келіспейтіндерін білдірді.

«Мына санға ешкім сенбейді ғой. Бір жыл бойы игерілетін ақша осындай болса, бұл ештеңені шешпейтінін көрсетеді. Қарапайым ғана облыстардың өзінде жергілікті жастар саясатына бұдан көп бөлінеді. Сондықтан бұл соманы әлі де нақтылау керек» - деді жиналғандар.

Ал бұл сандарға қатысты мәлімет ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректерінен келтірілген.

Жастар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде олардың көпшілігі өмір сүрудің негізі – жастардың жұмыспен қамтылуы (69,7 пайызы) деген. Одан кейінгі орында баспана мәселесі (39,5 пайыз), ал алғашқы үштікті сапалы әрі қол жетімді біліммен қамтамасыз ету (23,0 пайыз) мәселесі түйіндеген.

Соңғы үш жылдан бері жастар арасында жұмыссыздық деңгейі біршама азайған. Соған қарамастан жұмыспен қамтылған жастардың саны да аз. Бұл жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отыр дегенді білдірсе керек. Қазір еліміз бойынша 2017 жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 44,2 пайызын жастар иеленіп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер