Биыл қазақстандықтар айына орта есеппен 80 мың теңге табыс тапқан - Қазақстан экономикасы|29 Қыркүйек 2017, 20:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Биыл қазақстандықтар айына орта есеппен 80 мың теңге табыс тапқан

2017 жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша, қазақстандықтардың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 80 156 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, аталған көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға өскен. Осы кезеңде тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің бағасы 7,5 пайызға өсіп, халықтың нақты ақшалай табыстары 2,1 пайызға төмендеген.

«Аталған мерзімде атаулы ақшалай табыстардың мөлшері бойынша жоғары көрсеткіш Атырау облысында байқалды. Ол өңірдегі көрсеткіш республикалық деңгейден 1,7 есеге артып отыр. Табысы ең төмен өңірлер - Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары. Екі облыста халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 57-66 пайызын құрайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі мөлшері арасындағы айырмашылық 3 есені құраған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер