Биыл Астанада МЖС аясында 12 нысанның құрылысы басталады - Қазақстан экономикасы|27 Қаңтар 2016, 12:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Биыл Астанада МЖС аясында 12 нысанның құрылысы басталады

Астана. 27 қаңтар. Baq.kz – Елордада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында биыл 12 нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун айтты.

С.Хорошунның айтуынша, 2016 жылы Астанада құрылыс саласындағы өсім қарқыны баяуламайды.

"Құрылыс өсімінің қарқынын 104 пайыздан кем емес деңгейде сақтауды көздеп отырмыз. Бүгінде қаржы тапшылығына байланысты Астана әкімдігі халықаралық қаржы ұйымдарымен құрылысқа кредит тарту бойынша жұмыс жасап жатыр. Бұған қоса, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында биылғы жылы 4 балабақша, 4 амбулаторлық-емханалық кешен және 4 көпдеңгейлі паркинггтің құрылысын бастау жоспарланған", - деп хабарлады Астана басшысының орынбасары.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Астанада 2 591 нысан салынып жатса, 1 195 нысанның жобасы жасалып жатыр.

Айымгүл ӘБІЛОВА
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер