Б.Сұлтанов: Жүргізіп жатқан құрылымдық реформалар дағдарысқа қарамастан, жалғасын табатын болады - Қазақстан экономикасы|25 Қаңтар 2016, 19:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Б.Сұлтанов: Жүргізіп жатқан құрылымдық реформалар дағдарысқа қарамастан, жалғасын табатын болады

Астана. 25 қаңтар. Baq.kz - Қаржы министрлігі жүргізіп жатқан құрылымдық реформалар дағдарысқа қарамастан, жалғасын табатын болады. Тек жекелеген құралдарды түзету ғана болады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесуінде осы және көптеген басқа да мәселелер туралы айтылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Мейлі ол отбасы немесе мемлекет болсын – ауқымына қарамастан, қаржы-қаражатты басқарудың екі қағидаты бар дейді. Біреуі, барынша үнемдеуге болады, ал екіншісі, көбірек еңбектеніп, ақша табуға тырысуға болады. Қаржы министрлігі, көмірсутекке бағаның ұзақ мерзімді төмендеу дәуіріне даярлық көре отырып, өткен жылдардағы басталған құрылымдық реформаларды жалғастыру ықтимал ғана емес, сол сияқты қажет деп санайды. Жария ету, ауқымды жекешелендіру, банкроттық және оңалту сияқты бағдарламалар жалпы жолды жұмыс істемейтін активтерден, тиімсіз процестерден барынша тазартуға бағытталған. Оның үстіне өткен жылдан жап-жақсы бастама қалған.

«2015 жылдың қаржылық қорытындыларына қатысты айтар болсақ, біз жылды едәуір төзімділік қорымен аяқтадық. Біріншіден, кірістер 330 млрд.теңгеге асыра орындалды. Екіншіден, шығыстар барынша жоғары – 99,8%-ға игерілді, бұл рекорд болып табылады. Үшіншіден, 2015 жылдың соңында тартылған 1 млрд.доллар қарызды сақтап қалдық. Төртіншіден, біздің мемлекеттік борышымыз төмен, тиісінше бюджетке түсетін борыштық жүктеме әлемдегі ең төмендердің бірі (12-орында). Осылайша, 2016 жылдың басына біздің едәуір қаржы қорымыз бар (0,5 триллион теңгеден аса), – деп атап өтті қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Бюджетті ықтимал нақтылауға қатысты айтар болсақ, ол туралы министр мұнай бағасының әртүрлі болуы кездеріне үкіметте Қазақстан экономикасын дамытудың ықтимал сценарийлері бар. Қазіргі таңда Қаржы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламаларға талдау жүргізілуде және жаңа тәсілдер енгізіп жатыр.

Кездесуде елдегі өтіп жатқан Жекешелендірудің екінші толқынына үлкен көңіл бөлінді.

Бүгінде жалпы ішкі өнімнің 43%-ы мемлекеттің жанама бақылауында тұр. Бұл ахуалды тұрақтандыру үшін жақсы, бірақ даму үшін онша жақсы емес. Қазір бизнеске кеңістік беру, науаларды босату маңызды. Мемлекет бизнеспен бәсекелесуге емес, ол үшін жағдай жасауға тиіс. Тап осы үшін де жекешелендіру керек.

Ірі компаниялар үшін бұл инвестициялар тартуға, өнімді өткізу нарықтарын кеңейтуге, жұмыс орындарын сақтап қалуға және ұлғайтуға мүмкіндік береді. «Орта бизнес» компанияларын сату кәсіпкерлерге мемлекеттік тапсырысқа қолжетімділігі бар дайын бизнес береді. Мемлекет пайдасы – тиімді нарықтық экономиканың жұмыс істеуіне жағдай жасау, инвестициялық белсенділікті көтеру, экономикадағы тұрақтылық пен кең ауқымды орта сыныпты қалыптастыру.

Барлығы болып жекешелендіруге 718 ұйым қойылған. Ашық, бәсекелі сатылым мен әділ нарықтық құнын айқындау үшін халықаралық консультанттар тартылатын болады, ал әрбір ірі объекті бойынша жұмыс жеке болады және ол Үкімет жанындағы жобалық кеңсенің бақылауында болады, деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

Жекешелендірудің әр-алуан түрлері көзделуде. Ірі компанияларды іске асыруды стратегиялық инвесторларға немесе IPO тетіктері арқылы кор нарығына шығару жолымен жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік-жекеше әріптестік, кәсіпорын ұжымдарына іске асыру нұсқалары ықтимал. 3 сәтсіз саудадан кейін, теңгерімдік құнынан төмен, бірақ әділ нарықтық баға бойынша сату мүмкіндігі көзделген.

Бұл арада жеке иемденушілердің арасында да тиімсіз меншік иелері жеткілікті. Өркениет құралы – банкроттық – Қазақстанда толық ойсырап қалу, борыштық міндеттемелерден бас тарту деп түсініледі. Қазір банкроттық институтының тұжырымдамасы оңалту рәсімі орнықты, «борышкер туралы» және «кредит беруші туралы» бағыттардың арасында көбінше теңгерім жағына өзгерді.

«Банкроттық – бұл тарату емес. Банкроттық арқылы сауығуға, өсімпұлдардан, пайыздар мен өндіріп алулардан сәл тыныс алуға болады. Кредит берушілермен мерзімін ұзарту немесе борыштың бір бөлігін есептен шығару жөнінде келісімге келуге болады. Бұл борышкер үшін. Кредит беруші үшін де пайдасы бар. Біріншіден, оның борышкері әлденеді, екіншіден, егер қарыз алушы активтерін қасақана жасырған болса, оларды банкроттық барысында қайтаруға болады, - деді Қаржы министрі. – Бұл жаңа ережелерді біз үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-қимылдары шеңберінде іс жүзінде түсіндіретін, қолданатын боламыз».

Осының барлығын талдап болған соң Қаржы министрлігі жария ету рәсімдерін жеңілдету бойынша теңдессіз шараларға да барды. Атап айтқанда, әлемдегі капиталға рақымшылық ету тарихында Қазақстан бірінші болып жария ету алымдарын жойды. Бұл шара, сондай-ақ заңнамаға енгізілетін бірқатар басқа да өзгерістер, оның ішінде қаражатын жария ететін азаматтар үшін кепілдік бөлігінде де капитал мен мүлікті жария ету қарқынында оң көрініс тапты.

Кездесу барысында орталық қазақстандық БАҚ басшылары Қаржы министрі Б. Сұлтановқа Қаржы министрлігінің қызметіне және жалпы үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасына қатысты бірқатар нақтылаушы сұрақтар қойды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер