Б.Байбек: Қоғамдық көліктің 60 пайызы көлеңкелі бизнеспен жұмыс істейді - Қазақстан экономикасы|26 Қаңтар 2016, 11:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Б.Байбек: Қоғамдық көліктің 60 пайызы көлеңкелі бизнеспен жұмыс істейді

Астана. 26 қаңтар. Baq.kz - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі қаладағы қоғамдық көліктің бүгінгі жай-күйін баяндады. 

- Біз бастапқы кезде қаладағы қоғамдық көліктің 30 пайызы көлеңкелі бизнес аясында жұмыс істейді деп болжаған болатынбыз. Алайда, бұл дерек біздің болжамнан екі есеге асып түсті. Яғни, ол алпыс пайызды құрайды деген сөз. Инвестор тартып, жағдайды жақсарту үшін мұндағы есеп-қисапты адал әрі заңды түрде әрекеттер жүргізуіміз керек. Сондықтан да қала әкімдігі "көлік дотацияларын" қолға алып отырмыз, -деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Әкімнің айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші наурызынан жеке тасымалдаушылардың көлік қызметіне өтемақы ретінде 2 млрд теңге бөлінбек. Бұл қаражат мүгедек балалар мен 1 және 2 топтағы мүгедектер, дұрыс көрмейтін қалалықтар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер үшін тегін жолда жүру үшін; жеңілдігі барлардың тізімі кеңейтіліп, көпбалалы аналарды қоса отырып, оқушыларға арналған жолда жүру билеттері (1 000 теңге), зейнеткерлерге және көпбалалы аналарға (2 000 теңге) және студенттерге 3 000 теңгелік жеңілдікті қамтамасыз етілуі үшін қарастырылған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер