«Әзірет Сұлтан» мешітінде қаржы саласы бойынша семинар өтті - Қазақстан экономикасы|02 Қараша 2015, 20:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Әзірет Сұлтан» мешітінде қаржы саласы бойынша семинар өтті

Астана. 2 қараша. BAQ.kz - «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Хикмет» телерадиостудиясының ұйымдастыруымен «Өз қаражатыңды басқару мен үнемдеудің жолдары» атты тақырыпта семинар өтті. Алқалы жиынды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Өмірзақов жүргізді. 

Дүниежүзі экономикасы тұралап жатқан қазіргі кезеңдегі қаржы мәселелері қозғалып, әр азаматтың жеке инвестициясы жайлы тың пікірлер айтылды. Сондай-ақ, жиынның соңы еркін әңгімеге ұласып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер