Азық-түлік келісім шарт корпорациясы биыл экспорт көлемін ұлғайтты - Қазақстан экономикасы|10 Желтоқсан 2018, 18:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы биыл экспорт көлемін ұлғайтты

Астана, BAQ.KZ. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 400 мың тонна дәнді және майлы дақыл экспорттады. 2018 жылдың 11 айы ішінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ таяу және алыс шет мемлекеттерге 401,6 мың тонна майлы және дәнді дақыл экспорттады», - деп көрсетілген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өкілдері нақтылағандай, Күнгей Кавказ елдеріне 145,1 мың тонна астық; Орта Азияға 126,4 мың тонна астық; Иранға 110,6 мың тонна арпа; Кытайға 19 мың тонна астық және 417,2 тонна күнбағыс майы жеткізілді.

2017 жылы компания 120 мың тоннадан астам дәнді және майлы дақыл экспорттады.

Ұлттық компания өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, биыл экспорт көлемі маусымаралық кезеңде интервенциялық қордан астықтың сатылуына және бидайдың Түркіменстанға және Күнгей Кавказ елдеріне жеткізілуі қайта жандануына байланысты ұлғайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер