Астаналық прокуратура бюджетті 630 млн теңгемен толықтырды - Қазақстан экономикасы|10 Желтоқсан 2018, 12:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астаналық прокуратура бюджетті 630 млн теңгемен толықтырды

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының прокуратурасы екі шаруашылық субъектіде салық сомасын төмендетуге байланысты салық заңнамасының бұзылу фактілерін анықтады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабарлады.

Биыл «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясының филиалы әлеуметтік және табыс салығын төлемегені анықталды.

Компания салық органына жалақының жалпы қоры 1 млрд теңге деген декларация тапсырған. Ал еңбек жөніндегі уәкілетті органның мәліметтерінде жалақының нақты қоры аталған мерзімде 4 млрд теңге болғаны көрсетілген.

Осылайша, компания бюджетке төлеуі тиіс салық мөлшерін әдейі 3 есе төмендеткен.

Сонымен қатар, «World Monitoring» ЖШС бюджетке жалақы қоры нөлдік деңгеймен декларация ұсынған. Ал компанияның жалпы төлеген нақты жалақысы 136 млн теңгеден асып түскен.

«Есіл» аудандық прокуратурасының сараптамаларынан кейін мемлекеттік кіріс басқармасына бұзылған заңнаманы жою үшін ұсыныс жіберілді.

Тиісті мекеме ұсынысты қарағаннан кейін екі компаниядан мемлекеттік кірістерге 630 млн теңге көлемінде салық өтеу талап етілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер