Астанада «Қазақстанда жасалған» көрмесі өтеді - Қазақстан экономикасы|27 Шілде 2017, 09:41
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада «Қазақстанда жасалған» көрмесі өтеді

Фото: alau.kz

28 шілде күні Астана қаласы «Көрме» орталығында «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумы өтеді. Шара аясында сатып алулар, өткізу, сауда және экспорт тақырыптары талқыланады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Форумның басты идеясы отандық тауар өндірушілеріне ірі сатып алушылармен өнім сапасын жақсарту, өнімді өткізу, сатып алулардағы ашықтық, экспортқа шығу мәселелерін талқылау үшін мүкіндік беру.
Отандық тауар өндірушілері мен тұтынушылар арасында байланысты нығайту мақсатында «В2В» форматында кездесулер ұйымдастырылады.

«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумының аясында 28-30 шілде күндері «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік жеңімпаздарының тауар көрме-байқауы, «Қазақстанда жасалған» 206 компания өндірісі көрмесі өтеді. Барлығы 350 үздік компания өз өнімін ұсынады, көрме қонақтары ұнатқан тауарын өндірушінің өзінен алу мүмкіндігіне ие болады. Бұдан бөлек көрме қонақтары күнделікті сағат 16:00-де өтетін бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Қыркүйек 2017, 09:19
Ақтөбеге Димаш келді
Пікірлер