Астанада ирандық компания мектептер үшін дайын тағам түрлерін шығаратын болады - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 17:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада ирандық компания мектептер үшін дайын тағам түрлерін шығаратын болады

Астана. 29 қазан. Baq.kz - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестциялық форум аясында Астана қаласы әкімдігі мен әкімдіктің бірқатар серіктестері арасындағы меморандумдарға қол қойылды. Соның бірі – қала әкімдігі мен ирандық компания арасындағы дайын тағам түрлерін шығаруға бағытталған меморандум.

Форум аясында Астана қаласы әкімдігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі арасындағы меморандумға қол қойылды. Стратегиялық құжатқа Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлина Алтынберген қол қойды. Меморандум индустриалдық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй құрылысы, соның ішінде 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы бағытындағы шараларды тиімді жүзеге асыру мақсатында жасалып отыр. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігі мен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ арасында да меморандумға қол қойылды. Инвестициялық климатты нығайту және елорданы дамытуға бағытталған орташа және ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыруға көмектесу меморандум нысаны болып табылады.

Сонымен қатар, елорда әкімдігі «Pars Iran Group» ирандық компаниясы арасындағы меморандумға қала әкімінің орынасары Нұрәлі Әлиев пен иран компанясының президенті Али Акбар Зангине қол қойды. Бұл меморандум мектеп, жоғарғы оқу орындары, ауруханалар секілді әлеуметтік мекемелер үшін дайын тағам түрлерін шығаратын өндіріс құруға бағытталған. Бұл өндіріс орны озық технологиялармен жабдықталатын болады. Аталған жоба Астана қаласындағы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартып, азық-түлік нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

А. Шағатай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер