Астанада 4 мыңға жуық мүлік заңдастырылды - Қазақстан экономикасы|03 Қараша 2015, 16:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада 4 мыңға жуық мүлік заңдастырылды

Астана. 3 қараша. Baq.kz – Астанада 2015 жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша барлығы 15 398 747,8 мың теңге сомасын құрайтын 3846 нысан заңдастырылды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазірге дейін Астана қаласының Әкімдігіне мүлікті заңдастыру туралы өтініштер түсіп жатыр. Осы күнге дейін Астанада жалпы сомасы сумму 59 719 416,5 мың теңгені құрайтын 4368 нысанды заңдастыруға өтініш түсті.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлерінің айтуынша, 2015 жылдың 3 қарашасындағы есеп бойынша ҚР аумағындағы мүлікті заңдастыру туралы Астана қаласының Жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияға: 35 610 384,7 мың теңгенің 5 622 тұрғын үй нысаны; 23 651 082,8 мың теңгенің 5 956 тұрғын емес нысаны, соның ішінде, 18 152 714,7 мың теңге сомасындағы 680 коммерциялық нысан; 457 949 мың теңге сомасындағы 5 заңды тұлғаға қатысу үлесі.

Барлығы 15 398 747,8 мың теңге сомасын құрайтын 3846 нысан заңдастырылды.

Мүлік пен капиталды жария ету науқаны ел азаматтары үшін де, Қазақстан экономикасы үшін де тиімді. Жария етудің маңызды ерекшеліктерінің бірі - ақшаны заңдастыру табыс болып саналмайтындықтан одан салық алынбайды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер