Астана экономикасының өсімі байқалады - Қазақстан экономикасы|12 Желтоқсан 2018, 21:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана экономикасының өсімі байқалады

Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бері қаланың даму көрсеткіштері артқан. Жартыжылдықта ЖАӨ көлемі 2,5 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

2030 жылға дейін ЖАӨ өсімін 9 триллион теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр. Экономиканың нақты секторында жыл сайын 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда, оның ішінде 77%-і шағын кәсіпкерліктің үлесінде.

«Экономикалық өсім АХҚО базасындағы қаржылық қызметтерден өзге заманауи өндіріс, құрылыс, сауда, көлік, логистика салалары негізінде байқалады», – деді Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов мәслихат сессиясында сөйлеген сөзінде.

Астана қаласының мәслихат депутаттары үш жылдық қалалық бюджетті бекітті. Қаланың негізгі қаржылық құжаты қаланың әлеуметтік саласын қаржыландыруға арналған. Аталмыш салаға 148,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл ағымдағы бюджеттің 56%-ін құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер