Астана әлемнiң интеллектуалды әрi заманауи 50 қаласының қатарына кiруi тиiс - Исекешев - Қазақстан экономикасы|05 Маусым 2018, 11:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана әлемнiң интеллектуалды әрi заманауи 50 қаласының қатарына кiруi тиiс - Исекешев

Әлемнiң 50 интеллектуалды әрi заманауи қалаларының қатарына кiру үшiн Астана өз әлеуетiн нығайтуға тырысады. Елорда әкiмi Әсет Исекешев «Астана - бейбiтшiлiк қаласы» халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз үшiн Астананың ғаламдық қала ретiнде дамуы маңызды. Сондай-ақ, елорданың инновация, денсаулық сақтау, сәулет, бiлiм, сауда салаларындағы Қазақстанның ғана емес, Еуразия кеңiстiгiнiң орталығына айналуы маңызды. Қазiргi таңда жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бiрi - «Астана» Халықаралық қаржы орталығы. Аталған ұйым Қазақстанның қаржы инфрақұрылымы орталығына, жалпы, Орталық Азия аймағының перспективтi қаржылық хабына айналуы тиiс», - дедi Исекешев.

Астана әкiмi елорданың стратегиялық басымдықтарын одан әрi жалғастырды.

«Астананы әлемдiк саясат және дипломатия орталығының жоғары стандарттарына дайындай келе, бiз заманауи урбанизация трендтерi: инновациялық-экономикалық, әлеуметтiк дамуға басты назар аударамыз. Осыған орай, қаланы дамытудың жаңа бағдарламасы әзiрленiп, жүзеге асып жатыр. Қала инфрақұрылымы мен адами капиталдың интеллектуалды дамуына ықпал ететiн «Ақылды әрi қауiпсiз қала» тұжырымдамасы - қаланың маңызды бағыттарының бiрi. Әлемнiң 50 интеллектуалды әрі заманауи қалаларының қатарына кiру үшiн Астана Еуразияның мәдени, ғылыми орталығы ретiнде өз потенциалын нығайтуға тырысады. Қазiрдiң өзiнде елорда - барлық өңiрден студенттер, ғалымдар, зерттеушiлер мен оқытушыларды тартып келе жатқан қала», - дедi Әсет Исекешев.

Атап өтсек, елорданың 20-жылдығына орай ұйымдастырылған «Астана - бейбiтшiлiк қаласы» халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясына Қазақстанның және шет мемлекеттердiң саясаткерлерi мен беделдi сарапшылары қатысып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер