«Astana Invest 2015» форумында жалпы сомасы 1,5 млрд доллар болатын бірнеше мемарандумға қол қойылды - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 14:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Astana Invest 2015» форумында жалпы сомасы 1,5 млрд доллар болатын бірнеше мемарандумға қол қойылды

Астана. 29 қазан. Baq.kz – Бүгін «Astana Invest 2015» форумы аясында өтіп жатқан «Инвестициялық ортаны дамыту мүмкіндігі» атты бас сессия аяқталысымен, 30-дан астам меморандумға қол қойылды. Сессияға америкалық атақты бизнесмен, әрі жазушы Джим Роджерс, инвестиция тартудың әлемдік дәрежедегі сарапшы Дуглас ванн ден Берге сынды 20 елдің белді тұлғалары қатысты. 

Экономика туралы сөз қозғаған спикерлер, Қазақстан барлық сала бойынша әлемдік экономиканың даму қарқынымен бірге дамып келетінін айтып өтті.

«Қазақстанда соңғы жылдары шетелдік инветорларды тарту жолында көптеген істер атқарылып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан инвестициялық климатты жетілдіріп, дамытуға, сонымен қатар, кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған дамыған елдердің қатыранан көрінуде. Осы қарқынмен дами берсе Қазақстанды болашақта әлемдік дамыған мемлекеттер қатарынан көретінімізге күмәніміз жоқ» деді банк саласының халықаралық сарапшысы Доминик Меню.

Айта кетейік, форум нәтижесінде инвестиция тартуға бағытталған 30-дан астам меморандумға қол қойылды. Олардың ішінде қаржы көлемі қомақты жобалар қатарында қала әкімшілігі мен Сhina Railway Asia Europe Construction Investment Co.Ltd арасындағы келісім, оның құны 100 млн долларды құрайды. Бұл қаржы инженерлік құрылыс техникаларын лизингтейтін компания құруға жұмсалмақ. Сондай-ақ, Merey Real Management компаниясының арасындағы келісім шарт құны 400 млн доллар болатын инвестиция елорда аумағында жүзеге асырылатын жобаларға жұмсалатын болады.

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер