«Astana Invest 2015» форумында 34 меморандумға қол қойылады - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 11:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Astana Invest 2015» форумында 34 меморандумға қол қойылады

Астана. 29 қазан. Baq.kz – Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Astana Invest 2015» форумында 34 меморандумға қол қою жоспарланған. Бұл жайында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков форум барысында мәлімдеді.

«Биыл Астана халықаралық инветициялық форумы алтыншы рет өтілуде. Астана - Қазақстан экономикасындағы қарқынды өзгерістердің көрінісіне айналып отыр. Елордамыз бүгінде ең озық, ұшқыр жобаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерге жол ашатын, экономикалық-іскерлік потенциалы жоғары болашақтың қаласына айналды. Инвестициялық қолайлы жағдай тек қала экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, ол сонымен қатар, заманауи технологиялармен жұмыс жасайтын жаңа өндіріс орындарының құрылысын бастауға мүмкіндік береді. Бүгін форум шеңберінде қазақстандық және шетелдік компаниялар арасында жалпы құны 1,99 миллиард АҚШ доллары болатын 34 меморандумға қол қойылатын болады» деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, әкім болашақта Қазақстанда қаржылық орталық құрылатынын тағы айтып өтті.

«Болашақта «Эскпо-2017» көрмесі негізінде Қазақстанда қаржылық орталық құрылатын болады. Ол ағылшын құқығы негізінде Дубайдағы ең ірі қаржылық орталық секілді жұмыс істейді. Қазақстан осыған орай 20 озық қаржылық мемлекеттің қатарынан көрінеді деген ойдамыз. Осыған байланысты қазір көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда» деді Ә.Жақсыбеков.

Айта кетейік, Елордада «Astana Invest 2015» халықаралық инветициялық форум өтуде. Форум аясында индустриалды парктер мен өнеркәсіптік аймақтардың инвестициялық жобаларының көрмесі қойылған.

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер