«Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 11:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады

Астана. 29 қазан. Baq.kz – ТМД елдері арасында алғаш құрылғалы отырған «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызмет көрсететін ресми тілі – ағылшын тілі болады. Бұл жөнінде «Astana Invest» форумында баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

- Біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында халықаралық қаржы орталығын құрып жатырмыз. Бұл өз экономикамызды әртараптандыру үшін қажет құндылық десек те, оның әлемдік қаржы нарығындағы өзіндік орны болатыны сөзсіз. Себебі, бұл жобаға қазірдің өзінде Азия құрлығында орналасқан көптеген елдер зор қызығушылық танытуда. Ал, болашақ қаржы орталығының қызмет көрсету сапасы жоғары болуы үшін және бұл салада көш ілгері дамыған әрі осы кезге дейінгі қаржы саласында алпауыт ірі ойыншылармен теңесе қызмет көрсетуі үшін «Астана» қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады деп жоспарланған, - деді Қайрат Нематұлы.

Айта кетейік, аталған қаржы орталығы тәжірибелік құрылу тұрғысынан алғанда «Дубай» қаржы орталығына, ал заңнамалық-құқықтық қамтамасыз етілу тұрғысынан алғанда ағылшындық үлгіге негізделетін болады. Сонымен қатар, оның құрамында қызмет көрсететін арбитраждық орталықтың шешімін тіпті, елімізде басты төрелік айтатын Жоғарғы Соттың өзі өзгерте алмайтын болады деп күтілуде. Мамандардың пікіріне сүйенсек, мұндай орталықтар Қазақстанға келетін инвесторларға сенімділік орнатып, алаңсыз қызмет көрсетуіне мүмкіндіктер береді.

Нұрлыбек Досыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер