Алматыдағы отандық өндірушілер көрмесіне 100-ден астам кәсіпорын қатысты - Қазақстан экономикасы|28 Қазан 2015, 20:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыдағы отандық өндірушілер көрмесіне 100-ден астам кәсіпорын қатысты

Астана. 28 қазан. Baq.kz - Алматыда «Даму» қорының ұйымдастыруымен отандық өндірушілердің «Қазақстанда жасалған» деп аталған алғашқы көрмесі өтті.

Оған осы қор арқылы мемлекеттік қолдауға ие болып, өз істерін дамытып жатқан 100-ден аса отандық өндіруші қатысты. Көрме залында ауыр техника құралдарынан бастап отандық киім үлгілері мен медицина, тәтті тоқаш пен сүт өнімдері қойылды. Осыдан 14 жыл бұрын қорадағы екі түйесімен ісін бастап, бүгінде ұлттық бренд – шұбатты ТМД нарығына шығарып отырған компания бұл жетістікке мемлекет пен «Даму» қоры арқылы жеткенін айтады.

Сыдық Дәулетов, кәсіпкер: - 17,5%-бен несие алғанбыз. Бастапқы кезде қиын болды. Бірақ «Даму» қоры соның 7%-ына көмек жасап, біршама жұмысымыз алға басты. Соның арқасында қазір түйе басын 5 мыңға жеткіздік, тәуілігіне 5 тонна түйе сүтін сауып, оны өзіміздің өңдейтін зауытта өңдеп, сатып отырмыз. «Даму» қорының көмегімен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 6 мыңнан астам кәсіпкерге субсидия берілсе, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында отандық кәсіпкерлікті дамытуға Ұлттық қордан 200 млрд теңге игерілген.

Ғабит Лесбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы директоры: - Қосымша кепілдемелері жетіспейтін кәсіпорындарға мемлекет жағынан «Даму» қоры кепілдеме беруде, 50%-дан 85%-ға дейін. Кәсібін жаңадан бастаған кәсіпорындарға 85%-ға дейін, ал жалпы 50%-ға дейін кепілдеме берілді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек отандық өндірушілердің көрмесін аралап көрді. Кәсіпкерлердің өзара танысып, тәжірибе алмасуы үшін ұйымдастырылған көрмеде Алматы қаласының әкімшілігі мен бірнеше кәсіпорын өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға да қол қойды.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер