Алматыда жеңілдіктер фестивалі өтеді - Қазақстан экономикасы|05 Шілде 2017, 13:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда жеңілдіктер фестивалі өтеді

Алматы қаласында жеңілдіктер фестивалінің екінші маусымы іске қосылады, деп хабарлайды Baq.kz.

Алматы қаласында 2017 жылғы 1 тамыздан 1 қыркүйекті қоса алғанға дейін ЭКСПО-2017 іс-шарасын өткізуге орайластырылған «Almaty Sales Festival» (ASF) Жеңілдіктер фестивалінің екінші маусымы іске қосылады. Екінші маусымда фестивальға сауда орталықтарымен қатар, қызмет көрсету саласының нысандары да қатысады. Атап айтқанда, кафелер және мейрамханалар Жеңілдіктер фестивалін өткізу кезеңінде 20%-ға, қонақүйлер – 40%-ға дейінгі мөлшерде жеңілдіктер ұсынады.

Бірінші маусымда 100-ден астам сауда орталықтары мен «street retail» нысанындағы шамамен 100 дүкеннің қатысқанын естеріңізге саламыз. Жеңілдіктер тауардың санатына байланысты 80%-ға дейінгі мөлшерді құрады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы фестиваль қорытындысы бойынша талдау жүргізді. Берілген тапсырмаларға сәйкес фестиваль өткізу кезеңінде сауда орталықтарындағы сатылым көлемі 15%-ға, келіп көру – 20%-ға артты, орташа чек 50 мың теңгеден астам соманы құрады. Бұдан басқа, орта деңгейдегі сауда орталықтарын («Тұмар» СҮ, «Саяхат» СҮ, «Дана» СҮ және т.б.) танып білу ісі артты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер