Алматыда «Нан өнімдері-2016» халықаралық форумы өтеді - Қазақстан экономикасы|26 Қаңтар 2016, 18:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда «Нан өнімдері-2016» халықаралық форумы өтеді

Астана. 26 қаңтар. Baq.kz - Алматыда алдағы 27-28 қаңтар аралығында 2-ші Орталық Азиялық «Нан өнімдері-2016» халықаралық форумы өтеді. Мұның Орталық Азия аумағында теңдесі жоқ жоба екендігін айта кеткен жөн. «Нан өнімдері-2016» форумы азық-түлік өнімдерін, тамақ және қайта өңдеуші өндірістерге арналған технологияларды кәсіби тұрғыда таныстыру алаңы болып табылады. Форум осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Биылғы форумның басты тақырыбы - дағдарыс жағдайында Орталық Азияда нан-тоқаш және кондитерлік тағамдар нарығын дамыту.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумды өткізудегі басты мақсат - нан-тоқаш және кондитерлік тағамдар шығаратын компаниялардың өндірістік қуатын арттыру және жаңарту үшін шет елдік инвестицияларды тарту, шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту, өндірілетін өнімдердің сапасын арттыру және өзара тәжірибе алмасу.

Форумға нан пісіретін, кондитерлік тағамдар жасайтын және ұн тартушы кәсіпорындардың, қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің басшылары, бақылаушы-қадағалаушы органдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады.

Жалпы, екі күнге созылатын форумның жұмысына қатысуға Қазақстанан басқа, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусия және Еуроодақ елдерінен 200-ден астам шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері келеді деп күтілуде.

Олар негізінен нан пісірушілер, шикізат өндірушілер және нан-тоқаш және кондитер тағамдарын өндіруге қажетті жабдықтар шығарушылар екендігін айта кеткеен жөн.

Айта кетелік, өткен жылғы форум барысында технологиялар жеткізу, қызмет көрсету және басқа да мақсаттар бойынша жалпы сомасы 1,5 млн. еуродан асатын қаржыға келісімшарттар жасалған болатын.

ФОТО: damu.kz  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер