BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы мен Атырау бюджетке салықты көптеп төлеген

Астана, BAQ.KZ. Төленген салық көлемі 16,7% өскен. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның республикалық бюджетіне салық түсімдері 7,3 трлн теңгеден асты.

2017 жылдың 11 айының көрсеткішімен (6,3 трлн теңге) салыстырғанда төленген салық көлемі 16,7% өскен.

Көрсетілген кезең ішінде Алматы – 1,7 трлн теңге, Атырау облысы – 1,2 трлн теңге, Астана – 981,9 млрд теңге салық төлеген.

Маңғыстау облысы – 375,3 млрд теңгеге, Қарағанды облысы – 378 млрд теңгеге, Алматы облысы – 353,4 млрд теңгеге, Ақтөбе облысы – 350,7 млрд теңгеге, ШҚО – 273,2 млрд теңгеге, БҚО – 269,8 млрд теңгеге, ал Павлодар облысы – 256,8 млрд теңгеге бюджетті толықтырған.

Тоғыз айдың ішінде Түркістан облысы – 233,9 млрд теңге, Қостанай облысы – 150,6 млрд теңге, Ақмола облысы – 145,2 млрд теңге, Қызылорда облысы – 127 млрд теңге, Жамбыл облысы – 77,3 млрд теңге, СҚО – 69,9 млрд теңге , ал Шымкент (2018 жылдың қыркүйек-қараша айлары) – 44,4 млрд теңге төлеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер